Жөтелге арналған көпіргіш таблеткалар

  • Негізгі белсенді заттар дәрілік компоненттердің суда жылдам еруі есебінен ағзаға жеңіл сіңеді.
  • Ас қорыту жүйесіне зияндығы жоқ
  • Жағымды апельсин дәмі бар.
Нұсқаулығын оқу
Қолдану тәсілі

Үлкендерге және 12 жастан асқан балаларға – 1 таблеткадан таңертең және ½ көпіргіш таблеткадан кешке тағайындайды (ол күніне 97,5 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға –  ½ көпіргіш таблеткадан күніне 2 мәрте (ол күніне 65 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).

 

Таблеткаларды жартыға бөлуге болады.

Көпіргіш таблеткаларды алдын ала 1 стакан суға ерітіп, таңертең және кешке қабылдайды (шамамен 100-200  мл).  таблеткаларды еріту үшін ыстық суды да суық суды да қолдануға болады.

Емдеу ұзақтығы әрбір нақты жағдайда аурудың сипаты мен ауырлығына қарай айқындалады, алайда тіпті дем алу жолдарының жеңіл асқынған аурулары кезінде де ол 1 аптадан кем болмауы керек

Қабылдаудың ұзақтығы

Оған қоса, терапиялық пайдасын тұрақтандыруға қол жеткізу мақсатында  ауру белгілері жойылғаннан кейін де емдеуді одан әрі 2-3 күндей жалғастыру керек.

Проспан препараты нысандары бойынша пайдаланудың ерекшеліктері
Проспан/нысан 1 мл шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісі Этанолдың құрамы Екіқабат әйелдер / емізетін әйелдердің қолдануы Қолданылуы Сақтау мерзімі
100 мл шәрбат (5-7.5:1) - 7 мг Жоқ «пайда/қауіп» қарым-қатынасы 1 жасқа дейін 3 жыл
20 мл тамшылар (5-7.5:1) - 20 мг 96% (47 ай. %) «пайда/қауіп» қарым-қатынасы 1 жасқа дейін 4 жыл
№10 көпіргіш таблеткалар (5-7.5:1) - 65 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
№ 20 сорғыштар (5-7.5:1) - 26 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
5 мл ерітінді, № 21 (5-7.5:1) - 35 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
Дренажды массаж
Дем алу гимнастикасы