Статьи

Тұмау жұмыс істеуде: Кеңседе жөтелді жұқтырмау үшін 9 кеңес.

Жөтел ешқашан өз-өзінен пайда болмайды, сіздің иммундық жүйеңізге кері әсер ететін, оны дәрменсіз ететін және ағзаға ауру қоздырғыш бактериялардың кіруіне ықпал жасайтын әрқашан қандай да бір сыртқы фактор бар болады. Жөтелдің туындауының себебі бірнеше факторлар болады: мысалы, көшеде қатты тоңып қалу – иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі, сондықтан вирустар жабық және нашар желдетілген бөлмелерде белсенді түрде көбейіп, әлсіреген ағзаға оңай кіріп кетеді. Алайда, жөтелді жұқтырудың ең жиі болатын себебі ауру адаммен араласу. Ауру адамнан жөтелді сіз тек тікелей араласқанда ғана емес, сонымен қатар ортақ пайдаланатын заттар арқылы: ыдыс, сүлгі, кеңседегі ұйымдастыру техникасы арқылы да жұқтыруыңыз мүмкін. Ауру қоздырғыш микроағзалар жиһазға, кеңсе техникасына және жұмыс үстелдеріне қонады. Осындай сыртқы ортадағы микроағзалардың өмір сүру мерзімі өте жоғары болады, алайда егер олар кездейсоқ шырышты қабатқа түссе (мысалы, мұрынның және көздің), онда қолайлы ортада вирус жылдам көбейе бастайды.

Кеңседе жөтелді және тұмауды жұқтырмау үшін келесідей қарапайым кеңестерге құлақ түріңіз:

1 Кеңес: бөлмені желдетіңіз және ауаның ылғалдылығын байқап отырыңыз. Бөлмеде таза ауа үнемі керек.Кеңсені мүмкіндігінше жиі (кем дегенде күніне  2-3 рет). Кеңседе жақсы атмосферасыны ұстауда ауаның ылғалдылығын сақтап тұру үлкен роль ойнайды.  Суық түсуімен әрбір кеңседе жылытқыш құрылғылар толық күшімен жұмыс істей бастайды, ал олар кеңседегі ауаны қатты «құрғатады», ал бұл микробтардың мұрынның шырышты қабатына оңай жабысуына және көбеюіне әкеледі. Бұны болдырмас үшін, жұмыс бөлмесінде ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін ұстап тұру керек.   Қарапайым ауа ылғалдатқышын қолданыңыз,  бірақ бұл құрылғыны жиналып қалған шаңнан үнемі тазартып тұруды ұмытпаңыз.

2 Кеңес: Перде бет киіңіз. бірақ оны мүмкіндігінше жиі ауыстырып тұрыңыз. Тұмау маусымы кезінде пердебеттер кез келген жағдайда керек –  ауырмасаңыз да немесе ауырсаңыз да. Бірінші жағдайда сіз ауа-тамшы жолымен оңай жұқтыратын ауыртатын бактериялардан өзіңізді қорғайсыз, ал екінші жағдайда: қоршаған адамдардың денсаулығын сақтап қаласыз. Көп адамдар бұл тәсілдің қандай да бір маңызды пайдасы жоқ деп санайды, алайда, жөтел мен тұмаудың профилактикасына арналған шаралар кешені ретінде толықтай тиімді болып табылады. Бетпердені киюдің келесі қағидалары туралы ұмытпаңыз:

  • Бетперде ауыз бен мұрынды толық жауып тұру керек.
  • Бетперделерді мүмкіндігінше жиі ауыстырып тұрыңыз: минимум әрбір 2-3 сағат сайын.
  • Бетпердені пайдаланғаннан кейін оны қоқыс жәшігіне тастауға асықпаңыз – оны алдын ала салфеткаға ораңыз – сіз осылайша микроағзалардың ауа-тамшы жолымен таралу мүмкіндігін азайтасыз.

3 Кеңес:Әріптестермен ауызша сөйлесуді азайтыңыз. Жөтел мен тұмау ауа-тамшы  жолымен және сөйлескен кезде, әсіресе әңгімелесіп тұрған адам өте жақын тұрғанда  жиі беріледі. Телефон немесе мессенджерді негізгі коммуникация  құралы ретінде пайдаланыңыз.

4 Кеңес: Матадан жасалған сүлгінің орнына бір рет қолданатын қағаз сүлгілерді пайдаланыңыз.  Жөтелгенде және түшкіргенде әрқашан бір рет қолданатын салфеткаларды пайдаланыңыз және оны пайдаланғаннан кейін жұмыс үстеліне қоймай,  бірден  қоқыс жәшігіне тастаңыз.

5 Кеңес: Жеке гигиена қағидаларын сақтаңыз. Қолыңызды антибактериалды құралмен жуыңыз, бірақ оған әдеттенбеңіз, себебі антибактериалды заттар жетгілікті иммундық жүйені әлсіретуі мүмкін.

6 Кеңес: Қолыңызбен бетіңізді ұстамаңыз. Себебі ол мұрын мен көздің шырышты қабатына зиянды микроағзаларды кіргізудің ең оңай тәсілі.

7 Кеңес: Мұрынға арналған оксолин мазін пайдаланыңыз. Ол вирустардың шырышты қабатқа кіруіне кедергі жасайтын барьер құрады.

8 Кеңес: Үстелді жинаңыз және гаджеттерді сүртіңіз. Кеңседегі ең лас жер – ол клавиатуралар, офис техникасы мен телефондар. Өзіңіздің үстелді  мүмкіндігінше жиірек ылғалды матамен сүртіңіз және ұялы телефоныңызды арнайы антибактериалды құралмен сүртуді де ұмытпаңыз.

9 Кеңес: Стрессті жағдайлардан қашыңыз. Ғалымдар, стресстердің иммунды жүйенің қабілетін маңызды түрде төмендетінін дәлелдеген. Эмоционалдық қиын жағдайлардан  кейін ОРВИ мен жөтелді жұқтыру қаупі  өте жоғары болады. Жұмыста стресс деңгейін төмендетуге тырысыңыз.

08.01.2019