Дем алу гимнастикасы

Кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінде (бронхта) сұйықтық жиналып қалған кезде, дем алу гимнастикасы дәрілік терапиямен бірігіп, жазылуды жылдамдатуға және баланың жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Дем алу гимнастикасы:

  • Дем алу органдарының қан айналымын жақсартады.
  • Кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінің (бронхтың) жұмысын жақсартуға көмектеседі.
  • Өкпеден және кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінен (бронхтан) қақырықты шығаруға ықпал етеді.

«Құтан» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: түрегеп тұрып

  • Терең демді ішке алыңыз.
  • Екі қолыңызды екі жаққа жайыңыз.
  • Бір аяғыңызды бүге отырып, көтеріңіз.
  • «Ш-ш-ш» деген дыбыспен қатты дауыстап, онымен қоса аяғыңызды түсіре отырып, деміңізді шығарыңыз.
  • Жаттығуды екінші аяғыңызбен қайталаңыз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Қарға» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: үстелде отырып

  • Демді ішке алғанда екі қолыңызды жая отырып көтеріңіз.
  • «К-а-р-р» дыбысын шығара отырып қолыңызды түсіріп деміңізді шығарыңыз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Тырна» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: түрегеп тұрып

  • Демді ішке алғанда екі қолыңызды ең кең амплитудада жая отырып көтеріңіз.
  • Деміңізді шығарғанда қолдарыңызды төмен түсіріңіз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Қаздар» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: үстелде отырып

  • Алақандарыңызды иыққа қойыңыз.
  • Ішке терең дем ала отырып, денеңізді алға еңкейтіңіз.
  • Деміңізді шығарғанда «Г-а-а» дыбысын қатты шығара отырып, бастапқы қалыпқа тұрыңыз.

Қайталау: 4-5 мәрте