Жөтелге арналған ерітінді (саше)

  • Препараттың қолайлы мөлшерлемесі жеке қорапта
  • Сашедегі Проспан оны жол жүргенде, жұмысқа немесе мектепке барғанда өзіңмен алуға өте ыңғайлы.
  • Құрамында алкоголь, қант және консерванттар жоқ.
  • Жағымды апельсин дәміне ие
  • Тоңазытқышта сақтауды талап етпейді.
Нұсқаулығын оқу
Қолдану тәсілі

Үлкендерге және 12 жастан асқан балаларға – күніне 3 мәрте 1 стиктен ерітіндіні қолдану керек, ол  105 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді.

6-11 жастағы балаларға – күніне 2 мәрте 1 стиктен (5 мл) ерітіндіні қолдану керек, ол  70 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді.

Қолданар алдында стикті жәйлап уқалау керек.

Ерітіндіні таңертең, түсте және кешке ерітпей қолдану керек.

Қабылдаудың ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына қарай айқындалады, дем алу жолдарының жеңіл асқынған аурулары кезінде, әдетте, 7 күнді құрайды.

Терапиялық пайдасын тұрақтандыруға қол жеткізу үшін пациенттің  жағдайы жақсарғаннан кейін де тағы да   2-3 күн жалғастыру керек.

Тәуліктік ең көп мөлшері: үлкендерге және жастан асқан балаларға тәулігіне 3 мәртеден асырмай пайдалану керек, 6-11 жастағы балаларға  – күніне 2 мәртеден асырмай пайдалану керек.

Проспан препараты нысандары бойынша пайдаланудың ерекшеліктері
Проспан/нысан 1 мл шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісі Этанолдың құрамы Екіқабат әйелдер / емізетін әйелдердің қолдануы Қолданылуы Сақтау мерзімі
100 мл шәрбат (5-7.5:1) - 7 мг Жоқ «пайда/қауіп» қарым-қатынасы 1 жасқа дейін 3 жыл
20 мл тамшылар (5-7.5:1) - 20 мг 96% (47 ай. %) «пайда/қауіп» қарым-қатынасы 1 жасқа дейін 4 жыл
№10 көпіргіш таблеткалар (5-7.5:1) - 65 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
№ 20 сорғыштар (5-7.5:1) - 26 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
5 мл ерітінді, № 21 (5-7.5:1) - 35 мг Жоқ Болмайды 6 жастан бастап 3 жыл
Дренажды массаж
Дем алу гимнастикасы