Жөтелге арналған көпіргіш таблеткалар
- Негізгі белсенді заттар дәрілік компоненттердің суда жылдам еруі есебінен ағзаға жеңіл сіңеді.
- Ас қорыту жүйесіне зияндығы жоқ
- Жағымды апельсин дәмі бар.
Үлкендерге және 12 жастан асқан балаларға – 1 таблеткадан таңертең және ½ көпіргіш таблеткадан кешке тағайындайды (ол күніне 97,5 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – ½ көпіргіш таблеткадан күніне 2 мәрте (ол күніне 65 мг шырмауық жапырақтарының құрғақ экстрактісіне сәйкес келеді).
Таблеткаларды жартыға бөлуге болады.
Көпіргіш таблеткаларды алдын ала 1 стакан суға ерітіп, таңертең және кешке қабылдайды (шамамен 100-200 мл). таблеткаларды еріту үшін ыстық суды да суық суды да қолдануға болады.
Емдеу ұзақтығы әрбір нақты жағдайда аурудың сипаты мен ауырлығына қарай айқындалады, алайда тіпті дем алу жолдарының жеңіл асқынған аурулары кезінде де ол 1 аптадан кем болмауы керек
Оған қоса, терапиялық пайдасын тұрақтандыруға қол жеткізу мақсатында ауру белгілері жойылғаннан кейін де емдеуді одан әрі 2-3 күндей жалғастыру керек.