Дем алу гимнастикасы

Кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінде (бронхта) сұйықтық жиналып қалған кезде, дем алу гимнастикасы дәрілік терапиямен бірігіп, жазылуды жылдамдатуға және баланың жалпы жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Дем алу гимнастикасы:

  • Дем алу органдарының қан айналымын жақсартады.
  • Кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінің (бронхтың) жұмысын жақсартуға көмектеседі.
  • Өкпеден және кеңірдектің өкпеге жалғасатын жерінен (бронхтан) қақырықты шығаруға ықпал етеді.

«Құтан» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: түрегеп тұрып

  • Терең демді ішке алыңыз.
  • Екі қолыңызды екі жаққа жайыңыз.
  • Бір аяғыңызды бүге отырып, көтеріңіз.
  • «Ш-ш-ш» деген дыбыспен қатты дауыстап, онымен қоса аяғыңызды түсіре отырып, деміңізді шығарыңыз.
  • Жаттығуды екінші аяғыңызбен қайталаңыз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Қарға» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: үстелде отырып

  • Демді ішке алғанда екі қолыңызды жая отырып көтеріңіз.
  • «К-а-р-р» дыбысын шығара отырып қолыңызды түсіріп деміңізді шығарыңыз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Тырна» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: түрегеп тұрып

  • Демді ішке алғанда екі қолыңызды ең кең амплитудада жая отырып көтеріңіз.
  • Деміңізді шығарғанда қолдарыңызды төмен түсіріңіз.

Қайталау: 3-5 мәрте

«Қаздар» дем алу гимнастикасы:

Қалай жасалады: үстелде отырып

  • Алақандарыңызды иыққа қойыңыз.
  • Ішке терең дем ала отырып, денеңізді алға еңкейтіңіз.
  • Деміңізді шығарғанда «Г-а-а» дыбысын қатты шығара отырып, бастапқы қалыпқа тұрыңыз.

Қайталау: 4-5 мәрте

А.Н. Стрельникованың әдісі бойынша бронхитке арналған тыныс алу гимнастикасы

Бронхитке арналған тыныс алу гимнастикасы дененің тез қалпына келуіне ықпал етеді, өйткені бұл қан айналымын жақсартуға, бронх тармақтарындағы қабыну процесін жеңілдетуге, бронхтардың дренаждық қасиеттерін қалпына келтіруге, қақырықты шығаруды қалыпқа келтіруге, иммунитетті нығайтуға көмектеседі және асқынулардың дамуына жол бермейді.
А.Н.Стрельникова жетілдірген гимнастика тиімді жаттығулардың бірі болып танылды. Сіздің назарыңызға, оның бронхтардың дренаждық қызметін жақсартуға арналған кешенінен үш жаттығу ұсынылады.

“СОРҒЫ” ЖАТТЫҒУЫ:

Бастапқы қалып: қолдарыңызды денеңіздің бойымен еркін түсіріңіз, денеңізді алға қарай сәл еңкейтіңіз. Мұрыннан шулы тыныс алыңыз, гүлдерді иіскейтіндей, сәл төмен қарай еңкейіңіз. Дем шығарған кезде, аздап көтеріліңіз. Жаттығуды күш салмай, еркін орындаңыз. Әрбір 8 дем жұтқаннан кейін қысқа үзіліс жасаңыз – 3-5 секунд. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, жаттығуды отырып қана емес, жатып орындауға да болады.

“ИЫҒЫҢДЫ ҚҰШАҚТА” ЖАТТЫҒУЫ:

Бастапқы қалып: тұрып, жатып немесе отырып, қолдарыңызды иық деңгейінде көтеріп, алақандарыңызды төмен қаратып, екі жаққа жайыңыз да қолдың қоспасы кеуде деңгейінде болатындай етіп шынтақтан бүгіңіз. Қолдарыңызды бір-біріне қатысты параллель түзу ұстап, иықтарыңыздан құшақтағыңыз келгендей, бір-біріне бағыттаңыз да мұрынмен күрт дем алыңыз. Қандай қол жоғарыда, ал қайсысы төменде болатыны маңызды емес, ең бастысы – қолдарыңызды қатайтпаңыз және жаттығу аяқталғанға дейін олардың бір-біріне қатысты қалпын өзгертпеңіз.
Дем шығарған кезде қолдарыңызды сәл жайыңыз, әрбір 8 дем жұтқаннан кейін қысқа үзілістермен кешенді бірнеше рет қайталаңыз. Есіңізде болсын: дем жұту кезінде де, дем шығаруда да қолдарыңыз бір-біріне параллель қозғалуы керек. Бұл бронхитке арналған тыныс алу гимнастикаларынан тұратын ең тиімді жаттығу.

” СЕГІЗ” ЖАТТЫҒУЫ:

Бастапқы қалып: денені алға еңкейтіңіз. Мұрныңызбен күрт және жылдам дем жұтыңыз да, тынысты тоқтатыңыз. Сегізге дейін бірнеше рет дауыстап санаңыз – қанша көбірек болса, соғұрлым жақсы. Бұл жаттығу қақырықтың тиімді шығуына көмектеседі.

МАҢЫЗДЫ

Стрельникованың жаттығуларын жасау кезінде, тек мұрынмен орындау керек. Ол, алақанды шарт етіп соғу сияқты, қысқа және күшті болуы керек. Дем шығару мүлдем пассивті түрде ауыз арқылы жүргізілуі керек. Жаттығуда сипатталған нақты қозғалыс кезінде ғана демді ішке жұтуға болады. Қозғалыстар ырғақты болуы керек. Есептеу ойда жүзеге асырылады («Сегіз» жаттығуын қоспағанда). Стрельникованың жаттығулар жиынтығын 3 апта бойы күніне 2 рет 30 минуттан орындау ұсынылады.