Сұрақ-жауап

  • Дем алу жолдарының жөтелмен (құрғақ және ылғалды) ілесетін жедел қабыну аурулары;
  • Бронхтардың созылмалы қабыну ауруларын симптоматикалық емдеу.
  • Проспан шәрбатын және Проспан тамшыларын 2 жастан бастап балаларға қолданады;
  • Проспан көпіргіш таблеткаларын, сорғыштарын және ерітіндісін (сашедегі) 6 жастан бастап қолдануға рұқсат етілген.
  • Проспан шәрбат және Проспан тамшылар препаратын пайдасы мен болуы мүмкін қаупінің арасындағы қатынасты дәрігердің объективті бағалауынан кейін екіқабат кезде және  лактация кезеңінде (емізу) қолдануға болады;
  • Проспан көпіргіш таблеткаларын, сорғыштарын, ерітіндісін (сашедегі) екіқабат кезде және лактация кезеңінде (емізу) қолдануға болмайды.
  • Проспан өсімдіктен шыққан қақыртқыш құралдар тобына жатады.

Проспанның кешенді әрекеттері:

  • Қақыртқыш (қақырықтың жабысқақтығын төмендетеді және оның шығуына ықпал етеді);
  • муколитикалық (қақырықтың шығуын қалыптандырады);
  • мукокинетикалық (қақырықтың дем алу жолдарынан шығуын қалыптандырады);
  • бронхоспазмолитикалық әрекет (бронхтардың жолдарын кеңейтеді).
  • Проспан құрамында қант, бояғыштар, спирт жоқ*

* Құрамында спирт бар Проспан тамшылар нысанын есептемегенде.

  • Емдеу курсы кемінде 1 апта болуы керек. Терапиялық пайдасын тұрақтандыруға қол жеткізу мақсатында ауру белгілері жойылғаннан кейін де емдеуді одан әрі 2-3 күн жалғастыру керек.
СҰРАҚ ҚОЮ
Біз міндетті түрде Сіздің сұраққа жақын уақытта жауап береміз.