Дренажды массаж

Дренажды массаж – жөтелген кезде жазылуды жылдамдататын ең жақсы тәсіл. Массаждың осы бір ерекше түрі дем алу жолдарының мускулатурасын нығайтады, қан айналымын күшейтеді және ағзаның жалпы жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

Дренажды массаждау алдында:

  • Емдеуші дәрігерден кеңес алыңыз.
  • Дененің қатты қызып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
  • Асқыну бар болған кезде дренажды массажды жасамаған жөн.
  • Дренажды массаж жасатар алдында тамақтанбаған жөн. Массаж жасатудың ең жақсы уақыты – таңертең ашқарынға және кешке ұйықтар алдында.
  • Массаж техникасын дәл сақтау керек.

Дренажды массажды қанша рет жасау керек?

  • Дренажды массажды қалауынша күніне 2 мәрте жасаған жақсы.
  • Емдеудің орташа курсы 10 күнді құрайды.

Өкпенің жоғарғы бөлігін тазалау:

Іште:

  • Баланы жазық жерге 30 градус бұрышта ішімен жатқызыңыз.
  • Алақанды кесе түріне келтіріп аздап бүгіңіз.
  • Жеңіл қимылмен арқадан төменнен-жоғарыға қарай бұғана мен жауырын арасынан сол және оң жақтан жәйлап шапалақтап бастаңыз.

Арқада:

  • Баланы жазық жерге 30 градус бұрышта жатқызыңыз.
  • Алақанды кесе түріне келтіріп аздап бүгіңіз.
  • Жеңіл қимылмен төменнен-жоғарыға қарай бұғана мен әрбір емшек арасынан шапалақтап бастаңыз.

Өкпенің төменгі бөлігін тазалау:

Нәрестелер үшін:

  • Бөбекті қырынан жатқызыңыз.
  • Бас баланың денесінен төмен орналасу керек.
  • Алақанды кесе түріне келтіріп аздап бүгіңіз.
  • Нәрестенің қолтығының астынан жәйлап қағуды бастаңыз.

1 жастан кейінгі балалар үшін:

  • 1 жастан кейінгі балалар үшін дренажды массаждауды қырынан, ішінен және арқасынан жатқызып жасауға болады.
  • Басыңыз баланың денесінен төмен 30 градуста орналасу керек.
  • Алақанды кесе түріне келтіріп аздап бүгіңіз.
    • Дренажды массажды қырынан жатқызып жасау: нәрестенің қолтығының астынан жәйлап қағуды бастаңыз.
    • Дренажды массажды ішіне жатқызып жасау: төменгі қабырғалары мен қолтықтың артқы бөлігін жағалап жәйлап қаға бастаңыз.
    • Дренажды массажды шалқасынан жатқызып жасау: өкпе тұсының ортасынан, емшек тұсы мен өкпеден төмен жерді жәйлап қаға бастау керек.